Жаңалықтар

«Еділ мен Жайық» атты музыкалық кеш өтті.

Кітапханада жазушы, композитор, суретші, этнограф, музыкатанушы Ілия Жақановтың 88 жасқа толуына орай «Еділ мен Жайық» атты музыкалық кеш өтті. Шара барысында оқырмандарға Ілия Жақановтың өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, «Даласындай дарқан дарын» атты бейне-ролик көрсетілді. Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжінің дәстүрлі ән бөлімінің ұстазы Төлеутай Серіков баяндамасында Ілия Жақанов туралы кеңінен мағлұмат беріп, жазушы, композитордың шәкірті болғаны жөнінде айтып кетті. Сонымен қатар, жазушы композитордың «Жайлаукөл кештері» атты әнін Дәнеш Рақышев атындағы филормонияны әншісі Гүлнұр Нұрасылова орындаса, колледж оқытушысы Төлеутай Серіков автордың «Аққу» әнін домбырамен орындады. Сондай-ақ, «Бақ жұлдыз» медиа орталығының әншілері Ныққали Айша «Сарыарқа» күйін тарту етсе, Абай Әділбек «Отырардағы той» әнін орындап, оқырмандарға жақсы көңіл күй сыйлады. Шара соңында ұстаз Төлеутай Се...
Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 19.09.2024

«Бердібек балалардың қамқоршысы» атты кездесу кеші өтті.

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана қызметкерлері «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жыл толуына орай «Бердібек балалардың қамқоршысы» атты оқушылармен кездесу кешін өткізді. Шараға № 19 мектеп гимназиясының 7 «б» сынып оқушылары қатысты. Шара барысында: кітапханашы Рауан Нұрланов балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың қысқаша өмірбаянын айта келе «Балалар әдебиетінің классигі» атты кітап көрмесімен таныстырып, жазушының кітаптарына библиографиялық шолу жүргізді. Сонымен қатар жазушының озық туындыларының бірі «Менің атым Қожа» повесін оқушылармен бірге талқылап. автордың кейінгі шығармаларының ішінде махаббат, сұлулық тақырыбына арналған «Қайдасың, Гаухар?» «Аяжан» атты әңгімелерін оқуға кеңес берді.
Толығырақ... Оқылды: 47 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 18.09.2024

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жалғасуда!

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жалғасуда! Зерттеуші, жас ғалым Ерден Нұрахмет кітапханамыздың қорына «Шоңай батыр» атты барлығы 4 дана кітап сыйға тарту етті. Құрметті оқырмандар, кітапханамыздың акциясына үлес қосуға шақырамыз!
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 17.09.2024

«Kitap Time – 2024» ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтенін хабарлаймыз!

Құрметті оқырман! 20 қыркүйек күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Kitap Time – 2024» ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтенін хабарлаймыз! Шара барысында «PODCAST» форматында Жетісулық жас ақын-жазушылармен сұхбат, топтық ойындар, «Лоторея» алаңы, «Karaoke and Games», «Movie Time» кино көрсетілімі, «Biblio CAFE» алаңы ұйымдастырылады. Кітап фестивалін тамашалап, рухани кештің куәсі болуға шақырамыз!
Толығырақ... Оқылды: 94 Санат: Афиша Уақыты: 16.09.2024

«Талантты композитор» атты өнер сағаты өтті.

Бүгін, Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында КСРО халық артисі, композитор Сыдық Мұхамеджановтың туғанына 100 жыл толуына орай «Талантты композитор» атты өнер сағаты өтті. Шара барысында оқырмандарға композитордың өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, композитордың Қазақстанның мәдени өміріне қосқан зор үлесі туралы мағлұмат берілді. Оқырмандарға Сыдық Мұхамеджановтың тамаша әуендері мен әр қырлы шығармашылығы жайлы «Саз әлемнің саңлағы» және «Классикалық күй» атты бейне-ролик көрсетіліп, музыкалық шығармаларымен таныстырылды. Сондай-ақ, композитордың «Әнді сүйсең, менше сүй», «Шолпаным» атты кітаптарына шолу жүргізілді. Өнер сағатына қатысқан Талдықорған қаласының Шоқан Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушыларының орындауында,композитордың әуеніне жазылған «Қазақстан туралы ән», «Алматым ғой әсем қала» атты әндері шырқалып, оқырмандарға жақсы көңіл-күй сый...
Толығырақ... Оқылды: 38 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.09.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика